USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда ана мен бала тарақан улаймыз деп жансақтау бөліміне түсті

  • 11.желтоқсан.2019, 09:30,
  • 704

Алматыда жәндіктерді жоймақ болған ана мен бала зардап шекті. Бір апта бұрын 67 жастағы Светлана Баленко мен 30 жастағы ұлы ауыр жағдайда ауруханаға түсіп қалды.

Оқыс оқиға осыдан бір апта бұрын болған. Оларға жәндіктерді өлтіретін құралдан улану диагнозы қойылған. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр. Маринаның анасы үй ішіне жәндіктерге қарсы дәріні сеуіпті. Тарақанды жоямыз деп қарақан бастары уланды. Алғашында ұлы, келесі күні өзі ауруханаға түсіп, комадан бір-ақ шығады. Бірақ улануға себепкер болған дәріні дәрігерлер қойған диагноздан кейін ғана біліпті. Бұл дәрі Светлана Баленконың қызына да әсер етіпті.


"Анамды дүйсенбі ауруханаға алып кеткен соң, келесі күні менің де жағдайым нашарлады. Тіпті қазірдің өзінде әзер тұрмын.Әйтпесе үйде екіүш сағат қана болғанмын. Халық бұл дәрілердің зиян екенін біліп, абай болса екен деймін. Сондай-ақ, мұндай адам өміріне қауіп төндіретін препараттарды жасап шығарғандарды жазалау керек", - дейді Марина Баленко.


Дәрігерлердің сөзінше, науқастардың дер кезінде қаралмай, уақыт өткізіп алған. Сөйтіп өкпесі істен шыққан.


"Қазір науқастардың жағдайы ауыр. Бізге олар дер кезінде жеткізілмеген. Енді жансақтау бөліміне жатыр. Сондайақ жасанды аппаратпен тыныс алуда. Тиісті ем-шара жүргізіліп жатыр", - дейді Алматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлмира Тойбаева. 


Жауаптылар тиісті іс-шара жүргізіп, аталмыш құралды зертханада тексеріп жатыр. Зардап шеккендердің көршілерінен де хабар алып, денсаулығына қауіп төніп тұрмағанын анықтады. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : ktk.kz
Тағы да оқыңыздар:
22.11.2019
15.10.2019
30.09.2019
30.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930