Куәгерлердің айтуынша, бизнес-орталықтың балкондары қауіпті. Сонымен қатар, олардың айтуынша, биік ғимаратқа емін-еркін кіріп-шығуға болады екен.
"Мен жұмысыма кірісіп кеттім. Осы кезде сырттан дыбыстар ести бастадым. Не болғанын білейін деп сыртқа шықтым. Ер адам шатырдан құлап, мерт болған екен", - дейді Темірлан Дүкенбек.
Оқиға болған уақытта 24 жастағы жігіт жақын маңдағы кафеге жұмысқа келген. Оның айтуынша, орталықта осы кезде хаос орнаған.
"Күзет жүйесі кінәлі. Мысалы мына жерде камералар жоқ. Адамдар емін-еркін кіріп-шығып жүре береді, өз мәліметтерін қалдырады да жоғарыға көтеріледі. Балкондарды жабу керек, ол жаққа шығу тіпті оңай. Бар болғаны терезеден шықсаң, сен балконда тұрасың", - дейді қала тұрғыны Әлішер Батырғалиев.