USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Неге қалпына келетін энергия көздерін пайдалану, үнемдеу және қоқысты бөлек жинау апаттан қорғай алмайды

  • 30.қараша.2019, 01:20,
  • 880

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде халықаралық климаттық саммит өтіп болды, әлемнің түкпір-түкпірінде климат сұрақтарына арналған ереуілдер де өтіп болды. Сонымен бәрі тынышталды. Осы екі арада климат өзгеруін тоқтатпады. Климатолог ғалымдардың пікірінше, оның түбегейлі өзгеру уақыты көп емес - шамамен 11 жыл. Одан кейін жаһандық климаттық апат туындаудың үлкен ықтималығы бар. Осы жағдайды болдырмай үшін, біз не істей аламыз? Қоқысты категорияларға бөліп жинауды, үнемдеуді, қалпына келетін энергия көздерін пайдалануды жалғастыру тез алға жылжып келе жатқан апатты шынымен болдырмай ала ма? 

Климаттық дағдарыс ұзақ уақыттан бері пайда болды. Атмосфера индустриалдық дәуірдің басталуымен, шамамен екі жүз жыл бұрын қыза бастады. 200 жыл ішінде Ормандарды өртеп, шабу мен суды, ауаны және топырақты уландыру әрекеттерінен, адамзат табиғат эко жүйесінің 40 % жойды, бұл эко жүйелер өз кезегігде адам үшін қолайлы климат және өмір сүру ортасын миллиондаған жылдар бойы қалыптастырған болатын. 

Орнына адамзат Тынық мұхитындағы қоқыс аралдарына, мұздықтардың еруіне, Еуропадағы жалпы нормадан ауытқыған ыстық ауа райына, АҚШ-тағы қиратушы дауылдарға, Кейптаундағы рекордтық қуаңшылыққа, Сібір мен Швецияның солтүстігіндегі орман өрттеріне ие болды. Климаттың өзгеруі бойынша сарапшылардың үкіметаралық тобы климаттық апатты болдырмау үшін 11 жыл қалды деп есептейді. 

Қоқысты категориялар бойынша бөліп жинау - қоқысты бұдан әрі қайта өндіруді жеңілдететін, бірақ қоқыстық пайда болуын болдырмайтын таза экономикалық іс-шара. Қалпына келетін энергия көздерін пайдалануға көшу, энергияны үнемдеу технологияларын пайдаланудың өзінде, биосфераға түсетін техногендік және антропогендік жүктемені төмендете алмайды. 

Сонда тығырықтан шығар жол қандай деген сұрақ туындайды. Жаһандық климаттық және экологиялық дағдарыс ормандарды көлемді шауып алу, көмірсутектерді табу мен өртеу және өндіріс қалдықтарымен суды, ауаны және топырақты ластау салдарынан туындады. Жалпы айтқанда дағдарыс қазіргі әлемдік экономикалық жүйенің салдары. Демек, климаттың жылдам өзгеруін тоқтату үшін аталмыш экономикалық жүйені басқаша құру керек. Мүмкін, 11 жыл ішінде жүйені жаңадан басқа құру жеткілікті емес шығар. Дегенмен, табиғи эко жүйелерді сақтап қалуға және биосфера үшін қалдықсыз технологиялармен жұмыс істеу қолдан келеді деген ойдамыз. Осы жағдайда ғана қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалану, қоқысты бөлек жинау мен тұтынуды үнемдеу өз жәрдемін тигізе алатын болады. Орман эко жүйелерін сақтау мен қалдықсыз технологияларды ендірумен қоса, аталған қалпына келтіру энергия мен қоқысты бөлеу жинау бойынша іс-шаралары климаттың тұрақтануына және ғаламшарымыздың жекелеген бөліктерінде экологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізе алатын болады. 

Жоғарыда жазылғанды қорытындылай келе, экология мен климатқа байланысты күрделі сұрақтарды шешу үшін кешенді әрекеттер ғана жасалынуы керек. Ол үшін әр ел, әр кәсіпорын, әр адам тұрақты даму мақсаттары көздейтін принциптерді сақтай отырып, қоршаған ортаның қалыпты жағдайы үшін өсіп келе жатқан ұрпақ алдында жауапты екенін ұмытпауы тиіс. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : фото сурет lifeinitaly.com сайтынан алынды
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930