USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Адамның қазіргі өмірдегі смартфонның рөлі

  • 29.қараша.2019, 00:49,
  • 3 508

Адамның қазіргі өмірдегі смартфонға қатысты тәуелділігі соншалықты үлкен болды, қарапайым адам өз өмірін смартфонсыз елестете алмайды. Адам өмірі смартфонсыз қандай болар еді? Осы сұраққа жауап көрейік.

Адамның өмірін смартфонсыз елестету қиын. Смартфонсыз адам өмірі жақсарады ма екен, әлде адам төзгісіз өмірге айналар ма еді? Адам смартфонды тек телефон қоңырауларын жасау үшін қолданса да, қазіргі әлемде бұл пайдалы құрылғылар берік тұрақтанды. 

Ең алғашқы ұялы телефондар өлшемімен өте үлкен болса да, біздің заманауи технологияларға деген көзқарасымызды айтарлықтай өзгертті. Енді телефон арқылы кез келген жерде және кез келген уақытта сөйлесе алатын болдық. Алайда ұялы телефондардың бірінші буыны тек телефон қоңыраулары мен мәтіндік хабарландырулармен шектелді. 

Технологиялардың дамуымен, қалың көпшілікке сапалы түрде жаңа, үздік техникалық сипаттамалары бар ұялы телефондар ұсынылды. Бүгінгі күннің ұялы телефоны өзімен көптеген нәрселерді адам өмірінен ығыстырып, ауыстырды: біз аталмыш гаджетті әлеуметтік желілерге кіру үшін, электрондық поштаны тексеру үшін, видео-қоңырауларды жасаймыз және дәл қазіргі мезетте керек болып қалған ақпаратты ғаламтордан іздей бастаймыз. Заманауи смартфонның адам өміріндегі рөлін және техникалық мүмкіндіктерін біле тұра, қазіргі заманда смартфонды мүлдем қолданбайтын адамдар бар екенін елестетіп көрейік. Телефоннан бас тартудың әр түрлі себептері болуы мүмкін. Алайда смартфонды мүлдем қолданбау фактісі қарапайым адамды таң қаларлық сезімге бөлей алуы мүмкін. 

Бәлкім күні бойы телефонсыз жүру соншалықты жаман емес шығар. 

Сонымен, смартфонсыз өмір қандай болмақ?

Бытыраңқылық түйсігі пайда болады. Смартфондар адамдар арасындағы қарым-қатынасты сапалы түрде өзгертті. Олар коммуникацияларды қол жетімді етті. Баяғыда біз қалаулы телефон қоңырауын өткізіп алмау үшін, станционарлық телефонның қасында отыратынбыз. Қазір кез келген адаммен сөйлесу үшін бірнеше іс-қимыл жасау жеткілікті. Бірақ ұялы телефонның қасында жоқтығы, адамды белгілі бір жағымсыз әлемнен оқшауланған сезімге кезіктіреді.

GPS-сіз жергілікті жерде дұрыс бағдар табу қиын. Барлық смартфондар GPS-навигатормен жабдықталады, ол артық энергиялық және уақыт шығындарын жұмсаусыз, керек жерге жетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ал ғаламторға шығу мүмкін болмаса, бізге таныс емес кеңістікте дұрыс бағдар табуға қиын болады. 

Өмірді ұйымдастыруға қиын болады. Смартфон адамның жай күндерін жақсырақ ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Әр түрлі телефон қосымшалары арқылы біз күндегі жұмысты жоспарлаймыз және маңызды күндер туралы ұмытпаймыз. Осыған қол жеткізу үшін бізге оятқыш және еске салушы телефон қосымшалары көмектеседі. Қолы бос емес, іскер адам үшін бұл таптырмас көмекшілер.

Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болуды баяулатады. Кез келген жаңалықтарға қарапайым және кедергісіз қол жетімділік адамның соңғы жаңалықтармен хабардар болуға мүмкіндік береді. 

Тез және жеңіл түрде фото сурттерді жасауға мүмкіндік береді. Гаджеттер пайда болғаннан кейін, цифрлық фото суреттерді жасау технологиясы қол жетімді және қарапайым болды. 

Ал енді жоғарыда жазылғанды ескере отырып, смартфонсыз толыққанды өмір болады ма деген сұраққа жауап көрейік. 

Толыққанды демалыс. Үйдің жайлылығында шексіз ескерту хабаландырулары мен телефон қоңырауларына көңіл аудармайтын боласыз. Тым болмаса бір кеш бойы өзіңіздің көңіліңіз бен назарыңызды қымбат адамдарға бөлуге және шұғылдануға жақсы көретін кез келген нәрселермен айналысуға уақыт пен мүмкіндік туындайды. 

Сапалы қарым-қатынас. Смартфонсыз өзіңізге қымбат және жақын адамдармен жиі және көңілді уақыт өткізуге болады. Себебі жылы және және жанды қарым-қатынасқа не жетсін!

Үнемі суретке түсу туралы қыр соңынан қалмайтын ой. Қолдағы смартфонсыз өз күніңіздің "заманалық" әрбір оқиғаңызды әлеуметтік желі үшін фото суретке түсу жабысқақ дағдысынан арылатын боласыз. 

Басқа адамдармен қарым-қатынас тек электрондық хабарландырулармен шектелмей, барынша нәтижелі болады.

Кенеттен өзіңіз үшін көп уақыт табылады.

Түнгі ұйқыңыз жақсарады. Түн ортасына дейін әлеуметтік желілерде отырмай, уақытында жатуға мүмкіндік туады.

Нәтижесінде смартфонның адам өміріндегі алатын орнының жақсы және онша емес жақтарын қарастырып, қазіргі көзді ашып жұмғанша жылдамдықпен өзгеріп отыратын өмір соңынан жету үшін смартфонның маңызды рөлін аңғару қиын емес. Дегенмен смартфон жақын адамдардың жылуын немесе тек өзіне ғана жұмсалатын уақыттан пайда болатын қанағаттану сезімін ауыстыра алмайды. Сондықтан да кей кездерде осы пайдалы гаджетті бір күнге әдейі бір жерге жасырып, өзіңіз үшін пайдалы және қызықты нәрселермен айналысуға, смартфонсыз бір күн болса да өткізу дағдысын қалыптастыру әбден керек. Өзіңізден түкке тұрмайтын нәрселер үшін өмір сағаттарын ұрламаңыз. 


скачать dle 12.0
Фото авторы : Фото сурет product-test.ru сайтынан алынды Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
24.10.2019
24.10.2019
23.09.2019
12.09.2019
12.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930