USD 538.33
EUR 626.99
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандықтың атына 51 мың телефон нөмірі тіркелген

  • 24.қазан.2019, 15:30,
  • 590

Қазақстанда бір адамның атына 51 мың телефон нөмірдің тіркелгені анықталды.

"Бір әйелдің атына 51 мың нөмірдің тіркелгені анықталды. Тиісінше ол ұялы байланыс кеңселерінің біріне барады да, сол 51 мың нөмірдің иесі ретінде операторға ол нөмірдің барлығын өшіріп, тек біреуін қалдырғысы келетіні жайлы өтініш жазады. Ал 51 мың нөмірдің ішіндегі бірталайын басқа адамдар пайдаланды ғой. Тиісінше, ол нөмірлердің барлығы да өшеді. Ал 51 мың нөмірі бар болып шыққан әйел сияқты басқа да қазақстандықтар болуы мүмкін", - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярощенко министрлікте тілшілердің сұрағына берген жауабында.


Қазір байланыссыз қалған абоненттерге комитет төрағасы операторларға жүгінуге кеңес берді.


"Дәл осы мәселені сауал хат жолдадық. Әзірге жауап келген жоқ. Жалпы, ұялы байланыс операторлары дұрыс тіркелмеген нөмірлерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет көрсетуді тоқтатуы керек болатын. Әлбетте, заңнама нормаларын орындамағаны үшін оларға шара қолданылады", - деді ол.





скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
24.10.2019
02.10.2019
01.10.2019
12.09.2019
13.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031