USD 496.85
EUR 585.54
RUB 6.49
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

40 қазақстандық шетелде содырлар қатарында жүр - ҰҚК

  • 12.желтоқсан.2019, 16:00,
  • 497

Қазақстанның 40 азаматы террорлық ұйымдарға мүше. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында брифинг барысында ҰҚК антитеррорлық орталығы ұлттық штабының бірінші орынбасары Сергей Швейкин айтты.

"Шетелде террорлық ұйымдардың құрамында 40-қа жуық Қазақстан азаматтары жүр және 65 әйел мен отбасы мүшелері бар. Олардың барлығы туралы арнайы қызмет өкілдеріне белгілі. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қолданылып жатқан шаралар барысында олардың саны азайып жатыр. Басқа да тұлғалар жайлы ұрыс алаңында қаза тапқандар туралы мәліметтер тексеріліп жатыр", - дейді Сергей Швейкин.


Антитеррорлық орталығы ұлттық штабының бірінші орынбасарының айтуынша, шетелде жүргендердің көбі ойын өзгерткен. "Біреулер елге қайтудың жолын іздестіріп жүр және террорлық қылмыс үшін жазасын өтеуге дайын. Сондай-ақ, қылмыстық әрекетін жалғастыруға дайын азаматтар да жоқ емес", - дейді Швейкин.



скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
05.12.2019
28.10.2019
26.09.2019
12.09.2019
21.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728