USD 445.66
EUR 474.58
RUB 4.78
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Атырау облысында үйде үш мәйіт табылды

  • 12.желтоқсан.2019, 13:30,
  • 597

Атырау қаласы маңындағы Жұлдыз ықшамауданындағы үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылды.

қан іздері немесе зорлық-зомбылық байқалмайды. Мамандар алғашында газдан улануы мүмкін дегенімен, әзірге оны да нақтыламай отыр. Белгілісі - бәрі бір үйдің адамдары, түгел ересектер. Үйге сыртынан қарағанда адам тұрғанға ұқсату қиын, ауласы шашылған, қабырғаға да сылақ тимегені көрініп тұр. Тіршілік белгісін ілулі тұрған киімдерден ғана білуге болады.


"Үй иелерінің қайтыс болғанына бірнеше күн болғанға ұқсайды. Өйткені үйден қолқаны қабатын жағымсыз иіс шықты", - дейді көршілері. Куәгерлердің айтуынша, әйелі араққа жақын болған. Ішімдіктің кесірінен балаларынан да айырылыпты.


"Балалары болды, бәрін балалар үйіне беріп жіберді. Үкімет тартып алды. Кеше үйінде ішкен-ау деймін. Неге десең полиция үстелдің үстінде арақ тұрғанын айтты. Күйеуі жұмыста жүр, сол асырап отыр. Әйелі арақ ішеді. Мүгедек шал бар, соны бағады", - дейді көршісі Серікбай Жақсығалиев.


Марқұмдар тұрған үй кілттеулі. Сырттағы газ құбыры бітеліп, пломба салынған. Таңмен аймақты газбен қамтитын "КазТрансГазаймақ" мекемесінің авариялық қызметі үйдің маңын қарап жүр. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : Астана арнасы
Тағы да оқыңыздар:
11.12.2019
22.10.2019
30.09.2019
13.09.2019
17.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930