USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордалық азамат әйелі мен баласына оқ атты

  • 22.қазан.2019, 10:30,
  • 456

Нұр-Сұлтанда отбасылық жанжал атыспен аяқталды. Мас күйдегі азамат әйелі мен басқа некеден туған баласына оқ атты. Зайыбы сол жерде көз жұмды.

Көршілердің айтуынша, қайтыс болған әйелмен отағасы ажырасқан. Олардың екі баласы бар. Сот отбасына тиесілі пәтерді бөліп алуға шешім шығарған. Екеуі де сол пәтерде тұрып келген. Ер адамның кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ, телеарнадағылардың мәліметінше, отбасындағы ұрыс-керістің себебі әлі белгісіз. Жоғары қабаттағы көршісі Ерлан бұл жағдайға сене алар емес. Өйткені көршісінің ерсі қылығын да, отбасының кикілжіңін де бұрын-соңды естімедім дейді. 


"Көршімнің арақ ішіп, мас болып жүргенін осы күнге дейін байқамаппын. Өзі жұмыс істемейді. Үйінде ұрыс-керіс болмайтын. Оқ атылғанда менің ұлым үйде болған. Ол маған қоңырау шалып, көршілердің ұрысып жатқанын айтты", - дейді көршісі Ерлан Кенжетаев. 


Зардап шеккен 5 жасар бала №2 қалалық балалар ауруханаға жеткізілді, қазір оның жағдайы тұрақты.

 

55 жастағы күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторна қамауға алынды. Сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
07.10.2019
26.09.2019
09.08.2019
02.08.2019
25.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930