"Жеткіншек" рейдтік іс-шарасының кезінде ювенал полицейлер 9-сынып оқушысының сөмкесінен травмат тапаншасын тауып алған.
"25-30 қараша аралығында "Жеткіншек" рейд іс-шарасы өтеді. Бұл шараның мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу. Рейд кезінде 25 қарашада мектеп оқушысының сөмкесінен тапанша табылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады әл-Фараби аудандық ювенал полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Батырхан Әлиев.
Мектеп оқушысы әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол тапаншаны сыныптасынан алғанын және оны мектепте қайтарып беруге келгенін айтқан.