Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз казино кезекті рейд кезінде табылған.
"Сарыағаш аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері заңсыздыққа рейд барысында кезіккен. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №219 "Ойын бизнесі туралы" заңын бұзған азамат А.Құлажановқа қатысты құжаттар Сарыағаш ауданының прокуратурасына жолданды" делінген хабарламада.