USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде қанша мектептің дәретxанасы аулада

  • 23.қараша.2019, 10:00,
  • 830

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан мектептеріндегі даладағы дәретханаларды жабуды ұсынды. Бұл жайында Балалар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында белгілі болды.


Асхат Аймағамбетовтің дерегінше, елімізде дәретханасы далада орнатылған 2 352 мектеп бар. Мұндай мектептердің 60 пайызы Түркістан облысында, 54,6 пайызы Алматы облысында, 44 пайызы Батыс Қазақстан облысында және 43 пайызы Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.


Осыған орай министр білім беру нысандарына біліктілік талаптарын қайта қарауды ұсынды.


"Қайғылы жайттың қашан орын алатындығын күтудің қажеті жоқ. Бізге білім беру нысандарына қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарап, санитарлық ережелер мен нормаларда даладағы дәретханалар мүлдем болмауы тиістігі жазылу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жүгіну қажет шығар. Мұндай жағдайда жергілікті атқарушы органдар мектеп лицензиясы болуы үшін, мектеп жұмысын одан ары жалғастыруы үшін шынымен де шынайы шаралар қабылдауға мәжбүр болады",- деді А.Аймағамбетов.


скачать dle 12.0
Фото авторы : ktk.kz
Тағы да оқыңыздар:
19.11.2019
28.08.2019
22.08.2019
25.07.2019
06.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031