USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мектептер жетіспеушілігі қалай шешілмек

  • 22.августа.2019, 15:00,
  • 625

Елорда әкімі Алтай Көлгінов мектептердің жетіспеушілігі мәселесін шешу жолдары туралы айтты.

"Он жыл бұрын астанада 73 мектеп пен 75 мың оқушы болса, биыл 108 мектеп және қыркүйек айынан бастап, 185 мың оқушы білім алмақ. Сондықтан, елорданы дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, алдағы 5 жылда 40 білім беру нысаны салынады", - деді Алтай Көлгінов Қазмедиа орталығында өткен ҚР БҒМ пленарлық отырысында.


Жаңа мектеп құрылысына жеке инвесторлар тартылмақ.


"Біз инвесторларға бар жағдайды жасаймыз. Инвесторлар кеңесінде 11 мектеп құрылысының жеке инвестор есебінен жүргізуді мақұлдадық. Осыдан кейін тағы 2-3 инвестор өз қаражатынан мектеп тұрғызуға ниет білдірді. Егер бұл мектептер салынса, 12 мың оқушыны мектеп орнымен қамтамасыз ете аламыз. Әзірге Нұр-Сұлтан мектептерінде 17 мың орын жетіспейді", - деді елорда әкімі.




скачать dle 12.0
Фото авторы : ernur.kz
Тағы да оқыңыздар:
25.07.2019
06.08.2019
10.07.2019
27.06.2019
25.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031