USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тараздағы оқиғадан соң Алматы билігі мектептердегі әжетхана мәселесін қолға алды

  • 19.қараша.2019, 19:00,
  • 605

Алматы қалалық Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова брифинг барысында қала мектептеріндегі әжетхана мәселесін тілге тиек етті.

"Таразда өкінішті жағдай болды. Алматы қаласында 3 мектептің әжетханалары сыртта орналасқан. Қалаға Наурызбай, Алатау аудандарының территориялары қосылғанда көптеген мектептерде осындай ахуал болды. Қазір жағдайды түзедік, көптеген мектептің санитарлық торабын ғимараттың ішіне кіргіздік. Тоспа су кететін шұңқырлар қазылды. Қазір Рахат Мәдениет ауылында орналасқан бір мектепте бұл әлі өз шешімін тапқан жоқ. 5 жыл бойы жаңа мектеп салу мәселесін көтеріп келеміз. Ол кезде мектептің сырттағы әжетханасының өзі сын көтермейтін жағдайда болатын. Келесі жылы Алматыда 8 жаңа мектеп салынатын болса, оның бірі осы ауданда бой көтереді. Екінші мектеп Шапағат шағын ауданында орналасқан. Бұл мектеп те 1958 жылы салынған болатын. Санитарлық торапты ішке енгізу үшін қажетті инфрақұрылым болмады. "Томирис" шағын ауданындағы №156 мектепке де осындай өзгерістер керек", - деді Гүлнар Қожабергенова.


Оның айтуынша, мектептердегі әжетхана мәселесі 1-1,5 жылда өз шешімін табатын болады.



скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031