Алмалы аудандық сотында Әнуар Әшіралиев, Оксана Шевчук, Гүлзипа Джаукерова және Жазира Демеуоваға қатысты іс қаралды. Іс құжаттары бойынша, биыл наурыз-мамырда айыпталушылар бірнеше рет ҚДТ идеясы мен қозғалысын қолдауға бағытталған рұқсат етілмеген митингіге қатысқан.
Аайыпталушылар бұл экстремистік қозғалыс екенін білген.
"Олар Қазақстан билігіне теріс пікір білдіріп, ҚДТ көшбасшысы Мұхтар Әбләзов ұсынған талаптарды қойған. 2019 жылы мамырда айыпталушылар саяси тұтқындарды қолдау мақсатында ролик түсіріп, видео Әбләзовтің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.