USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әбілязов жақтастарына ірі көлемде айыппұл салынды

  • 20.қыркүйек.2019, 12:00,
  • 595

Қашқын Мұхтар Әбілязовтың өз еркімен оралған сыбайластарына қатысты сот үкімінінен толығырақ ақпарат мәлім болды. 

"Оларға 1500-ден 3000 АЕК-ге дейін (3 7875 00-ден 7 575 000 теңгеге дейін) айыппұл салынды. Біз Әблязовтың әрбір сыбайласымен жұмыс жүргіздік. Әрбір адамның рөлін білеміз, Әблязовтың оларды қаншалықты пайдаланғанын, сонымен бірге ешқандай материалдық сыйақы алмай, қандай рөл атқарғандарын білеміз. Қалыптасқан тәжірибені ескере отырып, өз еркімен келген адамдар тергеуге жәрдемдеседі, кінәлі адамдарды әшкерелеуге көмектеседі, олар бас бостандығынан айырылмайды. Олар айыппұлға, шартты түрде жауапқа тартылды", - деп түсіндірді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов.


Осыдан бұрын, 23 тамызда Алматы қаласының Медеу аудандық № 2 сотында Ресейден өз еркімен оралған Әбілязовтың жеті сыбайласына айыптау үкімі шығарылды. Олардың үшеуі - Ресей азаматтары. Бұл Артур Трофимов (Австрияда босқын мәртебесіне ие), Максим Хаблов, Анар Абдихаимова, бірі - Украина азаматы Ержан Кадесов және үш қазақстандық Анатолий Погорелов, Валерий Налобин және Зәуре Жүнісова.



скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
13.09.2019
11.09.2019
04.09.2019
26.08.2019
14.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031