Павлодар қаласының №2 қылмыстық сотында аты шулы сотталғандарды азаптау ісі аяқталды. Айыпталушылар қатарында 9 колония қызметкерлері мен оларға көмектескен 4 белсенділер болды. Олар "Азаптау" мен "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" баптары бойынша айыпталған.
Сот айыпкерлердің кінәсін мойындады. АП-162/3 мекеме басшысы орынбасары болған Қуаныш Қалиев жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған айыпталушылар бес, алты жыл, алты жыл мен алты ай мерзімін алды. Екеуі тергеу барысында қайтыс болған.
Бас прокурор мен ІІМ басшысына сотқа дейінгі тергеу барысындағы тәртіп бұзушылық үшін үкім шығарылған болатын.
Жәбірленушілердің айтуынша, дәліз бойында тұрған қызметкерлер оларды соққыға жығып карантин бөлмесіне кіргізді. Әжетхананы жуған қолымен бет-жүздерін жуғызған. 1200 рет отырып, төрт аяқта жорғалады, қарсы шыққандарды ұрып-соққан. 28 жасар Саин Муратбеков соққы салдарынан мерт болды. Ал Қазақстанның экс-чемпионы Бақытжан Әбдіқадыров өзін-өзі өлтіруге дейін жетті.