Оның атап өтуінше, 19 елдің жас әншілері арасында өтетін байқаудың 24 қарашадағы финалын "Хабар" телеарнасы тікелей эфирден көрсететін болады. Байқау ережесіне сәйкес, жеңімпазды телекөрермендердің дауыс беруі мен құрамына 3 ересек және 2 бала кіретін байқауға қатысушы елдердің төрешілері анықтайды.
"Негізінен Еуропалық одақ елдерінің өкілдері қатысады. Айта кетерлігі, Ержан бүкіл түркі әлемнің атынан өнер көрсетеді. Себебі Әзербайжан мен Түркия биыл өз кандидаттарын қатыстырмайды. Сондықтан біз оған үлкен үміт артып отырмыз. Сарапшылар оның мүмкіндігіне жоғары баға беруде", - деді ол.