"Мәнізоров 30 қыркүйектен бастап денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шықты", - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы облысы әкімінің ұсталғаны қыркүйектің соңында белгілі болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеген. Шенеунікке қызметтік жағдайын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған.