"Олар ҚР Қылмыстық кодекстің 462-бабының 3-бөлігінде (жарылғыш заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу), 453-бабының 2-бөлігінде (ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікке ілінген", - делінген хабарламада.
Түркістан облысы Арыс аудандық соты ұсталған азаматтарға қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.