"Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 13-бабына сәйкес бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзген кезде оларға қатысу үшiн экстремистiк ұйымдарды тартуға, олардың нышандарын пайдалануға, сондай-ақ экстремистiк материалдарды таратуға жол берiлмейдi".
Құқық бұзушылар заңсыз акцияларға қатысқаны расталған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады (50 АЕК-ге дейін айыппұл салынады, 15 тәулікке дейін қамауға алынады).
Прокуратура өкілі азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмай, заңсыз шерулерге қатысудан бас тартуға шақырды.