Үкімет кулуарында журналистер министрден Алматы қалалық полиция департаменті басшысының ұлы - Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне қатысты тергеуге іліккен алматылық дәрігерлердің ісі бойынша пікір білдіруді сұраған.
"Біріншіден, ішкі істер министрлігі, Серік Күдебаевтың ұлы жұмыс істеген прокуратура, тергеу жүргізген жоқ. Тергеуді үшінші орган жүргізді, бұл Экономикалық тергеу қызметі. Министрлік, прокуратура тарапынан қысым көрсету болған емес. Осы орган өздігінен шешім шығарды, ал санкцияны сот береді", - деді Ерлан Тұрғымбаев. Оның айтуынша, Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы тергеу ісіне еш қатысы жоқ екен.