"Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша тәртіптік негізде аталған мекеме мен Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 14 лауазымды тұлғасы жазаланды" - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Сонымен қатар, оғаш әрекеттері үшін ішкі істер органдарынан 7 қызметкер, оның ішінде 2 мекеме бастығының орынбасары жұмыстан шығарылды. Тәртіптік сипаттағы шаралармен қатар Алматы облысының арнайы прокурорлар басқармасы ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істерді тергеу аясында 7 қызметкерге қатысты тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Мұнан бөлек, мекеме бастығы және Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды.