"Өз пікірімді білдіру үшін маған осы саладағы халықаралық заңнаманы зерделеу керек. Митингілер тұрғысынан ғана емес, жалпы балалардың құқығы жайлы. Ата-аналар, сіздерден үлкен өтініш. Мұндай шараларға балаларды алып бармаңыздар. Балаларды базарға алып барудың өзі қорқынышты. Себебі, адам көп. Ал көшеде не боларын бір құдай біледі. Ата-аналардан балаларды митингке алып шықпауды сұраймын",-деді өкіл.
Сәби мен ата-анасын айырып, күш көрсететін полиция қызметкерлеріне сөз айтылды.
"Егер ата-ананы баламен бірге ІІБ-ге апармай-ақ, айыппұлды пошта арқылы жібере алатын болсаңыздар, оларға тиіспей-ақ қойыңыздар. Егер ата-ана баламен келіп тұрса, айтарын айтсын. Ал егер ары қарай заң бұзылса, бұл шараларды сүйрелемей-ақ жүргізе аласыздар", - деді ол.