"Іс-сапар туралы бірдеме деп айту қиын. Әрине, іс-сапар алдында осындай әңгімелердің шығып жатқаны таңғалдырады. Ешқандай шешім шығара алар емеспін, мұнымен құзырлы органдар айналысады, бірақ Мемлекет басшысының Қытайға сапары қарсаңында осындайды шығарып жатқандары біртүрлі", - деді Қасымбек.
Осы жағдайға байланысты Үкімет түсіндіруге шешім қабылдаған.
"Қоғамға түсінікті болу үшін, бұл жобалар, қажет дүние, олардан Желіде айтылып жатқан ешбір қауіп жоқ. Шындап келгенде жарияланып жатқан мәселелер мен Желідегі сұрақтар, ешбір негіз жоқ және қатты айтқанда мұның барлығы өтірік", - деді Қасымбек үкіметтегі брифингте.