Екі жаққа алғашқы "Неліктен Қазақстанда 30 жыл бойы билік басы өзгермеді?" деген сұрақ қойылды.
Сұраққа жауап бермес бұрын қарсыластар бірін-бірі түрткілеуден бастады. Әбілязов Ертісбаевтің үлкен жасына қарап жол берді. Ал Президенттің экс-кеңесшісі қашқынның шет елдегі тұрмысын сынға алды.
ҚДТ көшбасшысы елімізде Конституция ешқашан да тірек ететін құжат болмағанын айтты. Ел тәуелсіздік алғалы бері тәуелсіз сайлау болмады деседі. Саяси қашқын сайлауда кез келген қарсылық білдірген тұлғаларға қысым көрсетілгенін басып айтты.
Оның қарсыласы Ертісбаев болса 1999 жылы өткен сайлауды әділ әрі бәсекелестік деп мысал ретінде келтіруде. Коммунисттік партия өкілі Серікболсын Әбділдин кезінде 13% дауыспен екінші орынды иеленді. Сондықтан Әбілязовтың қозғаған айыптары жалған деп қорытты ол.
Жүргізуші соңғы кездері қызу талқыланған қытай эскпансия және басқа да сыртқы қауіптер жайлы сөз қозғады.
Қос спикер өздері айтқандай факті мен сандарға сүйенді. Алайда Әбілязов ел экономикасы қыл үстінде деп дабыл қақса, Ертісбаев Қазақстан Қазақстан ЖІӨ Ресей көрсеткішін асып түскеніне сенімді. Дегенмен, бұл мәлімет Ермұхаметтің өзі айтқандай "тотальды жалған".
Осы жолы сандар мен статистика экс-экономика министр жағында екендігін мойындау керек.
Дәл осы сәтте Сергей Дувановтың Әбілязовтың сөзі мен позициясын қолдағаны байқалады. Пікірталас жүргізушісі Ертісбаев өрбітуге дайын болған жауаптарын бөліп, "бағдарламадан" ауытқумауды сұрады. Ол болса әрбір сөзін "Мұхтардың айтып жатқаны өтірік, жалған" деп қоштады.
Елбасы мен Президент Тоқаев мәселесі де сырт қалмады. "Елбасымен жақында ғана сөйлестім. Ешқандай қос үкімет жоқ", - деп сендірді Ертісбаев. Елбасының "жалғанына тойған" Әбілязов бұған да сенуге қарсы. "Халық жауы, дұшпаны" секілді зілді сөздерді ерекше қолданды.
Пікірталаста кім жеңді? Бұл сұраққа жауап беру қиынға соғар. Екі жақ та бірін-бірі даттау мен сөздерін жоққа шығарумен болды. Сұрақтан ауытқып мен нақты жауаптар табылмады. Факті дегендердің барлығы екіжақты болды.
Десе де осалдық танытқан тұлға бар. Мәселе кезінде министрлік қызметте болған спикерлерде емес. Пікірталасты мүдірмей, жақ таңдамай, қарапайым мәдениетті сақтап жүргізе алатын модераторда.
Аталмыш кездесуде сондай маман кездессе, пікірталас желісі мүлде басқа болуы әбден мүмкін.