"Ресей Федерациясының Архангельск облысындағы әскери полигондағы жарылыстан кейін Нұр-Сұлтан қаласында радиациялық фон артуының ешқандай қатері жоқ. Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жыл бойғы санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг аясында елорда аумағындағы радиациялық ахуалға ай сайын бақылау жүргізеді", - деп атап өтеді С.Байғабылов.
"Бүгінгі күні елордада Архангельск облысындағы жарылыстың салдарына қатысты алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Дүрбелең туғызып, алаңдауға еш негіз жоқ. Жағдай департаменттің бақылауында, радиациялық ахуалға мониторинг жалғасып жатыр", - деді ол.