"Астана" өз алаңында андорралық "Санта-Коломаны" қабылдады. Бір апта бұрын Андоррада өткен алғашқы матчта командалар 0:0 есебімен тең түскен еді.
Ал "Астана-Аренадағы" кездесуде қонақтар есеп ашты. Жартылай қорғаушы Энрик Пи "Санта-Коломаны" алға шығарды. "Астана" 24-минутта есеп айырмасын теңстірді. Алғашқы голды соққан Пи өз айып алаңында ереже бұзып, Исландия құрамасының ойыншысы Рунар Мар Сигурьонссон пенальтиді дәл орындады.
Андорралық клуб ұзақ уақыт бойы қорғаныста сәтті ойнап, тең есепті ұстап қалуға тырысқан. Бірақ ойынға тыңнан қосылған Марин Томасов 73-минутта "Астананы" алға шығарды. Хорватиялық хавбек араға алты минут салып дубль жасаса, матч соңына қарай хет-трик авторы атанды. Қорытынды есеп - 4:1.
Енді "Астана" үшінші іріктеу кезеңінде мальталық "Валлеттамен" кездеседі. Матчтар 8 және 15 тамызда өтеді. Алғашқы ойын "Астана Аренада" болады.