USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Астана Су Арнасының" 2 басшысы ұсталды

  • 14.июня.2019, 12:30,
  • 679

13 маусымда төрт жұмысшының қазасына байланысты "Астана су арнасы" компаниясының екі жетекшісі ұсталды.

23 мамырда Нұр-Сұлтанда "Астана су арнасы" мекемесінің төрт жұмысшысы метан газынан уланып қайтыс болған. Қазақстан төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, мекеменің алты жұмысшысы қаладағы құдықтың бірін жөндеп жатқан. Сол кезде бірі есінен танып, құдыққа құлаған. Оны құтқармақ болған тағы үш жұмысшы газға құдық ішінде уланып қалған. Сыртта қалған екі адамның бірі ауруханаға түскен.


Полиция қылмыстық кодекстің екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу бабымен іс қозғаған.


"Тергеу кезінде бірнеше сараптама мен арнаулы тексеру жүргізілді, куәгерлер сұралды. "Астана су арнасының" басшылары кінәлі деп танылды. 13 маусымда мекеменің екі басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр" деді Нұр-Сұлтан полиция департаменті басшысының орынбасары Ғазиз Нұрқаев.

скачать dle 12.0
Фото авторы : Ксения Воронина
Тағы да оқыңыздар:
13.06.2019
03.06.2019
30.05.2019
30.05.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031