«565 шарт жасасты, олардың ішінен 9 жоба республика бойынша, қалғандары барлығы аймақтарда іске асырылады – 556. Сомасы туралы қарастыратын болсақ, 907 млрд теңге – бұл республика, қалғандары жергілікті жобаларға тиесілі», - Үкімет үйінде өткен журналисттерге берген сұхбатында Айдос Кобетов мәлімедеді.
Жобалардың барынша көп мөлшері, оның сөзінше, білім беру саласына тиесілі.
«Бұл ең алдымен, балабақшалар, бұл мектепке дейінгі балаларды балабақшадағы орындармен қамтамасыз ету міндеті тұрғанына байланысты болды. Екіншіден – бұл денсаулық сақтау саласы, шамамен 114 шарт жасасты мұнда. Аталмыш сала жобалардың көптеген бағыттарымен ерекшеленеді: медициналық жабдықтар, дәрігерлік амбулаториялар, емханалар. Үшіншісі – бұл тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, мұнда бұл мектептердегі қазандықтар, Алматы, Нұр – Сұлтан қалалары мен Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарындағы көшелердегі жарықтандыру. Төртінші – бұл спорт, ең алдымен бұл денешынықтыру – сауықтыру кешендері, соның ішінде жаңа объектілер құрылысын салу және бар объектілерді жалға беру», - деп қосты Айдос Қобетов.