Апеляция 27 тамызда Өскемен қаласындағы облыстық сотта қаралуы керек болған.
"Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен босату арызы бойынша кейінге шегерілуі мына жағдайға байланысты болды. Өндірістегі істі қарайтын судья судьяның бос лауазымына тағайындалуы үшін тестілеуден өтуі керек. Тестілеу 27-28 тамызда Нұр-Сұлтанда Жоғарғы сот кеңесі өткізеді", - деді Шығыс Қазақстан облыстық сотының судья-кординаторы Назгүл Рахметуллина.