Облыстық көлік прокуроры Жанабаев пен жәбірленуші К.-ның өтініштері қанағаттандырылды. Сотталғандардың сот талаптары оң шешімін тапқан жоқ. Апелляциялық инстанция сотталғандар Үмбетәлиев пен Құрманиязовқа қатысты қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы шешім қабылдады.
"Сот ісі бойынша істе келтірілген барлық дәлелдер тиісті түрде зерттелмеген. Іске объективті баға берілмеген, іс жүргізу заңының нормаларын елеулі түрде бұзу назардан тыс қалдырылды. Қылмыстың жасалған уақыты, тәсілі туралы деректер, сотталғандардың кінәсіздігі, жәбірленушінің алдын ала сөз байласуы бойынша қылмыс жасағаны туралы дәлелдері тексерілмеген. Сондай-ақ іс бойынша басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтірген елеулі заңбұзушылықтарға жол берілді. Сонымен қатар, бұл жағдайда құжаттарды рәсімдеу кезінде заң бұзушылықтар болды. Мұның бәрі бірінші инстанциядағы сот шешімінің күшін жоюға негіз болды",- делінген сот үкімінде.