Күндіз 13-14 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 36 градус күтіледі. СҚО төтенше жағдайлар департаменті халықтың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету және төтенше жағдай алдын алу үшін шаралар қабылдауды ұсынады.
Күндіз 13 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 30-35 градус, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
13 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.
13 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі. 13-15 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 40-44 градус қатты ыстық сақталады. Шымкент қаласында 13-15 шілдеде күндіз 41⁰С қатты ыстық сақталады. Түркістан қаласында 13-15 шілдеде күндіз 41-43 градус қатты ыстық сақталады.