USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақмола облысында тағы екі жел электр стансасы іске қосылады

  • 18.июня.2019, 21:00,
  • 852

Ақмола облысында биыл жаңадан тағы екі жел электр стансасы пайдалануға беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Иван Юрченко айтты.


Басқарма басшысының айтуынша, Ақмола облысында күн және жел қуатынан энергия өндіретін электр стансасын салу жобалары жүзеге асырылуда. Елімізде 2023 жылға қарай баламалы көздерден өндірілген энергия үлесінің көлемі 45 пайызға кем болмайтындығы болжанып отыр.


«Облыс бойынша желдің өтінде орналасқан Ерейментау ауданында еліміздегі ең үлкен жел электр стансасы жұмыс істейді. Целиноград ауданында қуаттылығы 100 МВт күн электр стансасын салу жоспарда бар. Ағымдағы жылы екі ЖЭС жобасы жүзеге асырылады.  Оның бірі -Көкшетаудың іргесіндегі қуаты 3,75 МВт «Ветро Инвест Көкшетау» ЖШС-ның жобасы болса, Аршалы ауданындағы қуаты 50 МВт (болашақта 100 МВт дейін) екінші жобаны «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС қолға алады. Бұл екі жобаны да ағымдағы жылдың 3 тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр. Аталмыш жобалардың инвестициялық құны 153 миллиард теңгеге бағаланып отыр», - деп атап өтті  Иван Юрченко.



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.06.2019
18.06.2019
16.06.2019
12.06.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930