Мемлекеттік бюджетке табыстар бойынша жоспар Мемлекеттік табыстар комитетінің құзіреті бойынша бірінші жарты жылдық үшін 102,6% орындалды, республикалық бюджетке 101%-ға және жергілікті бюджеттерге 107,5%-ға орындалды. Осы туралы Марат Султангазиевтің төрағалығымен өткен комитет коллегиясында белгілі болды.
Мемлекеттік бюджетке жоспарланған 4 126,0 млрд теңгеге қарағанда іс жүзінде 108 млрд теңгені қамтитын асыра орындаумен 4 234 млрд теңге келіп түсті. Олардың ішінен ресбликалық бюджетке жоспарланған 3 094 млрд теңгеге қарағанда іс жүзінде 3 124 млрд теңге келіп түсті. Жергілікті бюджеттерге жоспарланған 1 032 млрд теңгеге қарағанда іс жүзінде 77 млрд теңгені аса орындаумен 1 109 млрд теңге келіп түсті.
Барынша жақсы көрсеткіштерді Атырау (106,7%), Ақтөбе (105,6%) мен Маңғыстау (104,9%) облыстарының Мемлекеттік табыстар департаменттері қол жеткізді.
Қайнар көзі: https://kapital.kz/economic/80099/v-gosbyudzhet-postupilo-4-trln-tenge-nalogov.html