"Оқиға орнында шамамен 150-дей адам жұмыс істеді. Өрт 14 тамызда сағат 9:30-да тоқтатылды. Жанған аумақтың көлемі - 45 гектар", - Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Жұртбаев.
Төтеншеліктер өрттің жақын маңайдағы үйлерге өтіп кетпеуіне бар күшін салып, түнімен жалынды сөндірген. Себебі, Бесағаш ауылында тұтанған жалынның аумағы Думан шағын ауданымен шектескен. Сондықтан облыстық өрт сөндірушілер мен Іле-Алатауы ұлттық паркінің қызметкерлеріне алматылық төтеншеліктер көмекке келіпті. Қазір қауіп толықтай сейілді дейді мамандар.