Жалпы портфель. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестициялық портфельді сақталуы мен кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған әртараптандыру мақсатында зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және
эмитенттер бойынша әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланды.
2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 995,5 млрд теңгені құрады. Ақша қаражаты және теңгеге номинирленген қаржы құралдары 6 819,7 млрд теңгені немесе 68,2%-ды, шетел валютасына номинирленген
қаржы құралдары 3 175,8 млрд теңгені немесе 31,8%-ды құрады.
Теңгемен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі. БЖЗҚ-ның теңгемен номинирленген зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады.
Теңгемен инвестициялар. 2019 жылғы маусымда теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 239,4 млрд теңге (ақша нарығы құралдарына инвестицияларды есептемегенде) болды, оның ішінде:
орташа алынған кірістілігі жылдық 8,6%-бен 140,0 млрд теңге сомаға ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ сатып алынды;
жылдық 1,0% мөлшеріндегі инфляцияға тең кірістілікпен және сыйақымен 30,0 млрд. теңге сомаға Еуропалық Қайта құру және Даму облигациялары сатып алынды;
кірістілігі жылдық 9,5%-бен 20,0 млрд. теңге сомаға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың облигациялары сатып алынды.
кірістілігі жылдық 10,0%-бен 11,2 млрд. теңге сомаға «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-тың облигациялары сатып алынды.
кірістілігі жылдық 11,5%-бен 38,2 млрд. теңге сомаға «Қазақтелеком» АҚ-тың облигациялары сатып алынды.
Қарастырылып отырған кезеңде теңгемен бос ақша қаражаты ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылған. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.
Теңгемен өтеу және сату. 2019 жылғы маусымда АО «DTJ» АҚ облигацияларының бір бөлігі 1,1 млрд теңге сомаға сатылды.
Қаралып отырған кезеңде банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес ҚР ЕДБ депозиттері бойынша негізгі борыш жалпы сомасы 0,4 млрд теңгеге мерзімінен бұрын ішінара өтелді.
Шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі. БЖЗҚның шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтері БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтердің жалпы құрылымына және инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестицияланады.
Қайнар көзі: ҚР Ұлттық банкінің ресми сайты