Оқиғаның Күйші Дина көшесі, №37 үйдің ауласында болды.
"Үйдің алдында төрт жасөспірім отырған, олар ешкімге тиіспеген де, сөйлемеген де. Құрбымның айтуынша, олар бұл аулаға жиі келіп тұрады. Қатты шуламайды, ішпейді, арттарынан қоқыстарын қалдырып кетпейді. Сол күні олар (балаларды ұрып-соққан ) ер адамның бақшасын қиратқан отбасы тұратын үйдің маңында отырған еді.
Ер адам сол үйдің баласы деп, біреуін ұрып-соққан болар. Шынымды айтсам, видеоны қарауға қорқамын. Бір сәтте баланың омыртқасы сына ма деп ойладым, - деп жазған Алина Канасо. Айтуынша, ер адам мен жасөспірімдер арасында ешқандай әңгіме, дау болмаған.
"Видеодағы адамдардың бірінің аты-жөні белгілі болды, қалғандары анықталып жатыр. Тексеріс қорытындысы бойынша төбелеске қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіндегілер.