Биыл Құрбан айт мейрамы 11 тамызда басталады. Соған орай қалалық әкімдік құрбандық шалуға арналған орындарды бекітті.
"Әзірет Сұлтан" мешітінің өкілдері Байқоңыр ауданында келесі орындарда құрбандық шалуға болады деп хабарлайды:
"Нұрбереке-555" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі маңында;
Алаш тас жолы 30 "Рубиком" мен "Әмір" сауда үйінің ортасында;
"Жайлау" тұрғын үй кешенінде;
Алаш тас жолы 313 көшесі "Шәушен" шағын қалашығында ("Астана-Павлодар" авто жолынан 9 шақырым);
"Темеш" шаруа қожалығы Нұр-Сұлтан - Софиевка авто жолынан 7 шақырым жерде құрбандық шалуға болады.
Сарыарқа ауданында "Ұлжан" әмбебап базары (бұрынғы "Саянұр" базарының маңы);
Есіл ауданында "Алтын-Таға" базары Қосшы ауылының алды;
Алматы ауданында "Метро" сауда үйінің маңында құрбандық шалуға орындар қарастырылған.