USD 538.12
EUR 627.02
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Арыстағы жарылыстар тыйылды

  • 25.июня.2019, 15:00,
  • 701

Арыстағы әскери бөлім аумағындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстар тыйылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте  ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты.

«25 маусым, сағат 12.00-дегі жағдайға сәйкес, әскери бөлімше аумағында қазіргі уақытта  жарылыстар тіркелген жоқ.  ҚР Ішкі істер министрлігінің 1 200-ден астам қызметкері мен 180-ден астам техникасынан жасақталған  күштері мен жабдықтары оқиға орнында  қалып отыр», - деді ол.


Оның айтуынша, кеше және түні бойы жүргізілген жұмыстар жеке тұрғын үйлердегі  өртті сөндіруге бағытталған.


«Жалпы 45 өрт сөндірілді. Оның 21-і тұрғын үй өрті, 9 қора-қопсы өрті. Сонымен қатар  оқ-дәрі ұшуынан тұтанған  19 дала өрті сөндірілді. Түркістан облыстық полиция департаменті мен Ұлттық ұланның әскери  бөлімдері Арыс қаласында талан-таражға жол бермеу үшін  шолғындау жұмыстарын  жүргізді. Өткен тәуліктің ішінде 3 адам ұсталып, тонау фактісі тіркелді», - деді Юрий Ильин.




скачать dle 12.0
Фото авторы : baribar.kz
Тағы да оқыңыздар:
25.06.2019
24.06.2019
24.06.2019
24.06.2019
21.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031