Мекеме басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев Бас прокуратураға хат жолдап, "кінәлілерге жасаған қылмысының ауырлығына сәйкес қатаң жазалау шараларын қолдануды" сұрады.
"ҚТЖ "ҰК" АҚ басшылығы мен қызметкерлері 2018 жылдың 26 қыркүйегінде пойыз жолаушысына зорлық жасаған Үмбетәлиев Жетес пен Құрманиязов Колқанаттың әрекеттерін қатаң айыптайды", - деп атап өтті Мыңбаев.