Ол аталмыш оқиға үшін өзі, әрі мекеме атынан кешірім сұрады.
"Жолсеріктердің бұл іс-әрекеті - кешірілмейтін қылық. Жолаушының қауіпсіз тасымалын қадағалаудың орнына бұндай қылмысқа барды. Бұл нағыз қылмыс. Жолаушы да жәбір көрді, жолсеріктеріміздің, қызметкерлеріміздің де абыройына дақ түсті. Біздің ойымызша, олар өз қамауға алынады. Тағы бір мәрте кешірім сұраймын. Бұндай жағдай бұдан былай қайталанбайды деген ойдамыз", - деді Алмағанбетов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәжілісінде.
"Егер сот ҚТЖ ұйымы немесе "Жолаушылар тасымалы" белгілі бір соманы өтеуге тиіс деген үкім шығарса, міндетті түрде өтейміз", - деді ол.