"Жауапкершілік пен кінәні шатастырудың қажеті жоқ. Кінәні сот анықтайды. Ашығые айтайын, өзім кездескен Арыс тұрғындарынан кешірім сұрадым. Мен біразымен кездестім, олардың арасында зардап шеккендер де бар, эвакуацияланғандар да бар. Зардап шеккендермен кездесу барысында тағы да кешірім сұрауға дайынмын. Бірақ меніңше, әскерилердің басты мақсаты - сөз сөйлеу мен популизмді дамыту емес, іспен көрсетіп, болған жағдайды қалпына келтіру деп білемін", - деді Нұрлан Ермекбаев.