USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тегін Adidas аяқ киімдері жайлы хабарлама несімен қауіпті

  • 22.июля.2019, 18:30,
  • 663

KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Adidas фирмасының 3000 аяқ киімдер мен жейделері тегін таратылатыны туралы хабарламаның қазақстандықтарға қауіпті екенін ескертеді.

"Шілде айының басынан бастап қазақстандықтардың WhatsApp мессенджерінде Adidas-тың туған күнін мерекелеу құрметіне 3000 жұп аяқ киім мен футболкаларды сыйға тартылатыны туралы хабарламалар қаптап кетті. KZ-CERT командасының мамандары да осындай хабарлама алды, сондықтан да хабарламада көрсетілген adidas-footwears.club ресурсына талдау жүргізілді. Бұл интернет-ресурс "Интернет желісіндегі алаяқтық интернет-ресурс / фишинг деп жіктелді", - делінген Facebook хабарламасында.


Сарапшылар компанияның ресми сайтында (www.adidas.com) мұндай акция туралы ақпарат жоғын айтады. 

 

"Фишингтің бұл түрі тек ұялы телефоннан жасалды, яғни тарату телефоннан жіберілді. Алаяқтар мессенджерден фейк сілтеме арқылы сізге мынадай жылы сәлемдесу сөздерімен қарсы алды: "Туған күнімізге орай біз 3000 жұп тегін аяқ киім мен футболка таратамыз". Одан әрі кепілдік сыйлықтарды алу үшін қатысушыға сауалнамаға жауап беру ұсынылады, одан кейін WhatsApp мессенджері арқылы сілтеме жасау керек", - дейді сарапшылар.

"Хабарламаны таратқан жағдайда сіз алаяқтарға телефон кітабыңызға кіруге мүмкіндік бересіз. Сондықтан, құрметті қазақстандықтар, біз осындай акцияның қатысушысы болар алдында, ұйымдастырушының ресми сайтына кіріп, ақпаратты салыстырып тексеруге кеңес береміз. Ал егер сіз осындай алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, бізге 1400 нөмірі бойынша хабарласыңыз", - деп ескертті мамандар.

скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
23.07.2019
12.07.2019
16.06.2019
11.06.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930