Үкімет басшысы Жамбыл облысының штабына берілген тұрғын секторында болып, халықпен кездесті. Бұл жерде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев халыққа қаланың әскери снаряд қалдықтарынан түгел тазартылатынын айтты.
"Көріп отырсыздар, бір айдың ішінде барлық жұмыс бітеді деген сенім бар. Апта сайын келіп, тексеріп тұрамыз", - деді Премьер-Министр.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың айтуынша, аталмыш секторда 312 үйді жөндеу қажет. Бұған қоса 2 үйді жаңадан салып шығу көзделген.