USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Атыраудағы қонақ үй отқа оралды

  • 17.июня.2019, 11:00,
  • 728

Атырау қаласындағы қонақ үй отқа оралды, 6 адам зақымданды. Қонақ үйде Орал қаласынан жарысқа келген жас спортшылар тұрақтанған. Орал футбол командасы мүшелері өрттен құтқарылды.

'16 маусым күні сағат 01:19-де Атырау қаласының '101' желісіне М.Әуезов көшесіндегі 'Райхан' қонақүйі өртеніп жатқаны туралы хабарланған. Өрт ғимараттың астыңғы қабатында орналасқан саунадан шыққан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 3 баланы құтқарып, 31 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді, олардың 29-ы бала. Құтқарылған және қауіпсіз аймаққа көшірілген балалар Орал қаласынан жарысқа келген', - деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ.


Облыстық жедел жәрдем станциясының басшысы Ерлан Сүйеуғалиевтің айтуынша, қонақ үйге 3 жедел жәрдем бригадалары жіберілді. Зардап шеккен азаматтардың үшеуіне бірден алғашқы көмек көрсетілді. Уланған екі жас футбол ойыншылары мен азаматша облыстық ауруханаға жеткізілді. 


'Науқастарға қажет медициналық көмек көрсетілді. Балалар ауруханадан шығарылды. Азаматшаның жағдайы бірқалыпты, өміріне еш зиян туған жоқ', - деп облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.





скачать dle 12.0
Фото авторы : ustinka.kz
Тағы да оқыңыздар:
17.06.2019
16.06.2019
30.05.2019
26.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031