«Бүгін адам толы автобуста келе жатқанымда екі баласы бар әйел мінді. Ол өзіне орын беруін сұрап, бұрқылдап сөйлей бастады. Артынша бір жасөспіріммен сөзге келіп қалып, ересек ер адам оны ұра жөнелді», - дейді куәгер.
Астаналық полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова қалада мұндай дерек тіркелмегенін мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан LRT компаниясының ресми өкілі Науат Азанбаева да елордада мұндай жағдай орын алмағанын айтты.
«Видео Алматыда түсірілген сияқты. Бірақ қай қала екенін дөп басып айту қиын. Қалай болғанда да, астанада мұндай факт тіркелген жоқ. Яғни төбелес бізде болмады», - деді Науат Азанбаева.