USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Цой отставкаға кетуін талап еткендерге жауап берді

  • 12.қараша.2021, 19:50,
  • 109

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кейбір адамдардың өзінің отставкаға кетуі туралы өтінішіне қалай қарайтынын айтты.

БАҚ өкілдері онкологиялық науқастарға көмектесу қорының құрылтайшыларының бірінің Алексей Цойдың отставкаға кетуін талап еткені туралы үндеуді еске салды.Оның үстіне бұл үндеуді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова ар-намысқа тию, қорлау фактісі бойынша полицияға арызданғанын, алайда полиция ешқандай шара қабылдамағаны да айтылды.


Осы орайда журналистер қоғам қайраткерінің мұндай мәлімдемесі министрдің шымбайына батқан-батпағанын сұрады.


"Мен оған еш ренжіген жоқпын, себебі біздің елде кез келген азаматтың өз пікірін білдіруге құқығы бар. Мен мұны пікір білдіру деп қабылдаймын", – деді Денсаулық сақтау министрі.


Есмағамбетова өз кезегінде өз әрекетін "дағдылы тәжірибе" деп атады.


"Иә, мен қол қойған арыз Ішкі істер министрлігіне арызданушының әрекетіне баға беру үшін өтінішін жолдадық. Менің ойымша, бұл дағдылы тәжірибе. Комитетке күн сайын 100-150 қоңырау келіп түседі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қатысты үндеуге келетін болсақ, бұл қорлау болған-болмағанын бағалау үшін менің полицияға бірінші рет жүгінуім болды", - деп түйіндеді өз сөзін ведомство басшысы.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.10.2021
23.07.2021
23.06.2021
16.06.2021
14.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930