Нұр-Сұлтанда халықтың 27% екпе алды. Көрсеткіш, негізінен, жаман емес, бірақ, өкінішке қарай, вакцинацияның қарқынын қарастырсақ, оның төмендегенін байқап отырмыз. Егер сәуірде 98 мың вакцина егілсе, мамырда - 52 мың, ал маусымнан бастап - 16 мың вакцина салынған. Біз күнделікті алынатын екпе саны азайып бара жатқанын көріп отырмыз. Егер тәулігіне, ең көп дегенде 6 мың екпе салдыртқан кез болса, онда біз бүгін бұл көрсеткішті 2 мыңға да жеткізе алмай жатырмыз, - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
#екпе #вакцинация #Нұр-Сұлтан #елорда #коронавирус