USD 524.58
EUR 551.91
RUB 4.93
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда балаларға жаппай екпе салынады ма?!

  • 23.июля.2021, 16:26,
  • 246

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан арнайы брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде Pfizer вакцинасының 12 жастан жоғары балаларға ұсынылу мүмкіндігіне қатысты журналистер қойған сауалға жауап берді

Оның айтуынша, қазір елімізде балаларды вакциналауға болатын екпе түрі жоқ.


"Біздің балаларымыздың вакцина алуына мүмкіндік беруіміз керек. Әзірге нақты күнді атай алмаймыз. Қазірдің өзінде көптеген ата-аналар хабарласып, балаларына вакцина егуді сұрауда, өкінішке орай, әзірге Қазақстанда мұндай вакциналар жоқ. Мүмкіндік пайда болғаннан кейін біз осы негіздегі қолжетімділікті қамтамасыз етеміз", - деді Денсаулық сақтау министрі ОКҚ-да өткен брифингіде.


Министрдің айтуынша, балаларға екпе салу ата-ананың таңдауы бойынша ерікті жүргізіледі.


"Балаларға арналған Pfizer вакцинасына келетін болсақ, ондай жағдай туындаса, балаларға вакцина тек ата-анасының келісімі бойынша салындады", - деді ол.


Журналистер сұрақты тағы нақтылай түсті: Мектеп бару үшін балаларға міндетті вакциналау енгізіледі ме?


"Тағы да қайталап айтамын, бізде екпе тек ата-ананың келісімі бойынша салынады", - деді Цой.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.06.2021
04.02.2021
31.01.2021
16.12.2020
15.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031