USD 445.66
EUR 474.58
RUB 4.78
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандықтардың паспортында жаңа жазу пайда болады

  • 01.қараша.2021, 12:21,
  • 136

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 14 қазандағы қаулысымен Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатына, Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігіне, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатына, азаматтығы жоқ адамның куәлігіне, босқын куәлігінің үлгілеріне және оларды қорғауға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді.

Жол жүру құжатының 1-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде жазу орналастырылады:


1. Осы құжат иесіне ұлттық паспорттың орнына қолдануға болатын осындай құжатты беру мақсатында ғана берілді. Бұл құжат иесіне зиян келтірмейді және оның азаматтығын ешқандай түрде қозғамайды.


This document is issued solely with a view to providing the holder with a travel document which can serve in lieu of a national passport. It is without prejudice to and in no way affects the holder’s nationality.


2. Реадмиссияға және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберуге жататын адамдарды қоспағанда, құжат иесінің осы құжатта көрсетілген қолданыс мерзімі кезеңінде Қазақстан Республикасына қайтып оралуға рұқсаты болады.


The holder is authorized to return to the Republic of Kazakhstan within the period of validity specified in this document with the exception of persons subject to readmission and expulsion from the Republic of Kazakhstan.


3. Егер құжат иесі осы құжатты берген елде орналаспаса, ол қайтадан саяхаттағысы келсе, ол жаңа құжат алу үшін өзі тұрып жатқан елдің құзыретті билік органдарына жүгінуге тиіс.


Should the holder take up residence in a country other than that which issued the present document, he must, if he wishes to travel again, apply to the competent authorities of his country of residence for a new document.


Жол жүру құжатының артқы форзацында қазақ және ағылшын тілдерінде жазу орналастырылады:


"ОСЫ ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТЫ 36 БЕТТЕН ТҰРАДЫ


THIS TRAVEL DOCUMENT CONTAINS 36 PAGES".


Қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.09.2021
06.01.2021
13.09.2020
20.05.2020
13.05.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930